Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев мәлім етті.
«Елдің жалпы сыртқы қарызы маусымның аяғында 124,1 миллиард АҚШ доллары болды», - деді ол.
Оның атап өтуінше, аталған қарыздың 45,3 пайызы фирмааралық берешекке тиесілі болып отыр. Ал мемлекеттің сыртқы борышы бар-жоғы 6,5 миллиард долларды құрайды.
«Мониторлық шолу бойынша банктердің сыртқы борышы қыркүйектің аяғында 16,2 миллиард доллар болды», - деді Д.Ақышев.