Қазақстанның жаңа ақша-несие саясаты ұлттық кірістің шынайы төмендеуін ескереді - Дүниежүзілік банк экономисі
«Үкіметтің бұл өзгертулері екі оқиғаға орай өрбіп отыр. Біріншісі - бұл мұнай бағасының төмендеуі. Ол айтарлықтай деңгейге құлдырады. Бұл тек қана Қазақстанды ғана емес, сонымен бірге көптеген елдерді өз валюталары бойынша шаралар қабылдауын міндеттейді. Екінші оқиға - бұл Ресей мен Қытай экономикасының өзгеруі. Олар Қазақстанның маңызды сауда серіктесі саналады», - деді ол. К.Костопулостың атап өтуінше, Ресей рублінің құлдырауы мен Қытай экономикасының даму қарқының төмендеуі Қазақстанды өз экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында шаралар қабылдауға міндеттейді. Сонымен қатар ол Қазақстанның жаңа ақша-несие саясаты ел экономикасы кірісінің шынайы төмендеуін ескеретіндігін атап өтті. Дегенмен мұнай бағасының нарықта ортамерзімді төмендеуінің күтілуі бұл саясатқа та түзету енгізуді талап етеді. «Теңгенің айырбас бағамы егер мұнай бағасын қаперге алар болсақ, біршама төмен болуы тиіс. Теңгенің еркін айырбас бағамы мұнай бағасы өзгерген кезде нарықтағы баға емес, теңгенің бағасын өзгертуге бағытталған қадам. Ұлттық кірістердегі өзгерістерге сәйкес экономика құрылымы да барынша бәсекеге қабілетті болуы үшін өзгеріске ұшырауы қажет», - деді банк өкілі.