«Қазақстан Еуропаның басты серіктестерінің бірі болып табылады. Германияның Орталық Азия елдерінің бірде біреуімен Қазақстанмен сияқты осындай жақсы өзара әріптестік қарым-қатынастары жоқ. Президент Н.Назарбаев жария еткен жаңа саяси бағытында тек Қазақстан Республикасын, Орталық Азияны ғана емес, бүкіл әлемге қатысы бар ғаламдық беталыстар қозғалды. Жаңа Стратегия ел көшбасшысының ірі тұлғасын, оның болашақты көре білетінін тағы бір мәрте дәлелдейді», - деп есептейді Германия Бундестагының депутаты Манфред Грунд.
19:12, 20 Желтоқсан 2012
Қазақстанның жаңа саяси бағытында Орталық Азияның ғана емес, бүкіл әлемнің проблемаларына қатысты жаһандық мәселелер қозғалған - ГФР Бундестагының депутаты М.Грунд
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның жаңа саяси бағытында ғаламдық беталыстар қозғалды. Астанада өткен «Қазақстан-2050 стратегиясы: болашағы бар ішкі және сыртқы күн тәртібі» атты халықаралық конференциясында ГФР Бундестагының депутаты Манфред Грунд осындай пікір білдірді.