Президент өткен сайлау саяси бағдарламалар сайысқа түскен әділ дода болғанын атап өтті.
«Осы өте маңызды саяси бәсекеде біздің халқымыздың даналығы, парасаты жеңді. Сондықтан бұл жеңіс - халқымыздың жеңісі!», - деді Мемлекет басшысы.
«Біз бір ел болып, халық болып, Қазақстанның алдағы даму жолын бірге айқындадық. 9 маусымда Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс берген әрбір азаматтың пікірі - біз үшін өте маңызды! Өйткені6 халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі - біздің ең басты құндылығымыз. Осы құндылықты көздің қарашығындай сақтау - баршамызға ортақ парыз», - деді Қ. Тоқаев.