Біріншілік 12 наурызға дейін жалғасады. Ел намысын 5 спортшы қорғауда. Олар: Тимур Хасаров (56 кг), Михаил Макеев (69 кг), Селімхан Әбубәкіров ( 94 кг), Әділбек Балхаев (62 кг), Альберт Линдер (69 кг). Федерация аталған спортшылардың Қазақстандағы іріктеу чемпионатынан сүрінбей өткенін айтты.
Азия Чемпионаты құрлықтық біріншіліктер арасындағы беделді жарыстардың бірі. Жарыс жеңімпаздары әлем чемпионатында, жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарында және өзге де ірі жарыстарда бағын сынауға жолдама алады.