Қазақстанның жас іскерлері Түркияның HÜRSİAD тәуелсіз өнеркәсіпшілер қоғамында болды

None
ЫСТАМБҰЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Алматы қаласынан келген жас кәсіпкерлер тобы Газиантеп өнеркәсібі,

инвестиция және ынтымақтастық мүмкіншіліктері жөнінде тәжірибе алмасу мақсатында   HÜRSİAD тәуелсіз өнеркәсіпшілер қоғамында болып қайтты.

Қазақстандық жас инвесторлар жайлы мәлімет берген  HÜRSİAD-тың бастығы Бурак Уғур, соңғы экспорт көрсеткіштері бойынша Түркияның Газиантеп қаласы әлемдегі көптеген инвесторлардың қызығушылығын тудыруда екенін айтты.

«Аталған қаланың өнеркәсіп аймағына барып, Газиантеп экономикасы, өнеркәсібі, инвестиция мүмкіншіліктері жайлы жан-жақты мәліметтер бердік және Қазақстанда шетелдік инвесторларға көрсетілетін колдау мен инвестиция мүмкіншіліктері жайлы кеңінен мағлұмат алдық»,-  деді Б.Уғур.

Қазақстандық іскерлер тобының жетекшісі Әскен Сәрсенбаев HÜRSİAD тәуелсіз өнеркәсіпшілер қоғамында алғыс білдіріп, Газиантептің экономикалық жетістіктерін жақыннан көруге мүмкіншілік алғаның айтты. Сондай-ақ  түркиялық әріптестерін Алматыға шақырды.