Олар 8-11 мамыр аралығында Таиланд астанасы Бангкокте өткен кадеттер арасындағы лицензиялық Азия чемпионатына қатысты.
Жасөспірімдер арасында Олимпиада ойындарын өткізу туралы ережеге сәйкес жарысқа еркін күрестен 46, 54, 63, 76, 100 келі, грек-рим күресінен 42, 50, 58, 69, 85 келі, әйелдер арасында 46, 52, 60, 70 салмақ санатында 1-2 орын алған спортшылар жіберіледі.
Сонымен, тамыз айында Қытайдың Нанкин қаласында өтетін байрақты бәсекеге Евгений Поливадов (грек-рим күресі, 69 келі), Райымбек Құрманәлі (грек-рим күресі, 58 келі), Мұхамбет Қуатбек (еркін күрес, 54 келі), Лаура Әлмағанбетова (әйелдер күресі, 46 келі), Мерей Дүйсенова (әйелдер күресі, 70 келі) қатыспақ.
Әлемдік додада ел мерейін асырған жас палуандар бүгін Алматыға келеді.