Қазақстанның жас парашютистері Санкт-Петербор түбінде өтетін Ресей чемпионатына қатысады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петербордың түбіндегі «Сиворицы» әуежайында парашюттік-атлетикалық көпсайыстан Ресей чемпионаты басталады.


Оған Ресейдің түрлі аймақтарынан, сондай-ақ Өзбекстаннан, Қазақстаннан, Әзірбайжаннан және Украинадан келген 120 жас спортшы қатысады.

 Онда жастар 1200 метрлік биіктіктен жерге қонудан, еркін стильде 100 метрге жүзуден, сондай-ақ ерлер 3000 метрлік және әйелдер 1500 метрлік қашықтыққа ойлы-қырлы жерлермен жүгіруден сайысқа түседі. Жарыс тамыздың 22-сіне дейін жалғасады.