Оның айтуынша, 2014 жыл Қазақстан теннисі үшін табысты болды. Азия ойындарында еліміздің ерлер алтынға қол жеткізсе, әйелдер құрамасы қоланы иеленді.
«Бізде «Team Kazakhstan» академиясының тәрбиеленушілерінен құралған жас буын өсіп келе жатыр. Биыл 12-18 жас аралығындағы теннисшілеріміз 35 халықаралық жарыста чемпион атанды»,-деді Д. Досқарев.
Осы орайда ол спорттың бұл түрін дамыту тұрғысында балабақшалармен және мектептермен ынтымақтастық жүргізілуде. «Біз осы спорт бойынша үлкен әлеуетті байқап отырмыз. Бұл өз кезегінде теннисті дамытуға жақсы мүмкіндік»,-деді атқарушы директор.