Қазақстан қоржынына алтын жүлделердi 50 келiге дейiнгi салмақта өнер көрсеткен (U-17) Игорь Сон мен 69 келiдегi Альберт Линдер (U-20) жеңiп алды. Игорь Сон 208 келiнi (93 115) бағындырса, Альберт Линдер қоссайыста 311 келi (140 171) көтердi.
Қазақстан құрамасынан күмiс жүлденi иеленгендер:
Әйгерiм Ауылбек (58 келi) - 171 келi (76 95) - 17 жасқа дейiн;
Кристина Крахалева (63 келi) - 192 келi (84 108) - 20 жасқа дейiн;
Михаил Макеев (77 келi) - 320 келi (140 180) - 20 жасқа дейiн;
Семен Линдер (85 келi) - 317 келi (147 170) - 20 жасқа дейiн;
Қола медаль Тимур Хасаровтың (56 келi) еншiсiнде.
Алтынай Дәмен (58 келi, нәтиже - 173 келi), Михаил Дроздов (62 келi, нәтиже - 251 келi) мен Жасұлан Қалиев (77 келi, нәтиже - 294 келi) 4-орынды иелендi.
Азия чемпионаты 31 желтоқсанда басталды және 7 қаңтарға дейiн жалғасады. Чемпионаттың соңғы күнiнде 105 келiде өнер көрсететiн қазақстандық зiлтемiршi Селiмхан Әбубәкiров шығады.