Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы ЕЧ-2014 іріктеу туры үшін өткен ойында қарсыластарымен тең түсті

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Финляндия командасымен Еуропа чемпионаты-2014 іріктеу турнирінің қорытынды кезеңінің матчында тең ойын көрсетті. Оған 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысты, деп хабарлады Vesti.kz.

Сербияның Яково қаласында «Срем» стадионында өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық команда өздерінің қарсыластары сияқты алғашқы ұпайларын жинады. Алайда Қазақстан соғылған голдардың ең үздік айырмашылығы үшін бұл топта үшінші орын алды. Келесі матчта Сербия құрамасы 1:0 есебімен Австрия командасынан басым түсті, тоғыз ұпай жинаған олар топта бірінші орынға ие болды. Австриялықтардың алты ұпайы қалды. Айта кетейік, Қазақстан мен Финляндияның жасөспірімдер құрамаларының арасындағы өзара кездесу биылғы жылы өткен болатын. Ол қаңтар айында халықаралық «Гранаткин Мемориалы» турнирінде өтті. Ол ойын қарсыластардың аз ғана басымдықпен жеңіске жетуімен аяқталды.