Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Еуропа-2016 чемпионатының іріктеу турниріндегі матчта Грекиядан ұтылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа-2016 чемпионатының қорытынды іріктеу раундысында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 8-топта Қазақстан сырт алаңда Грекиядан 0:6 есебімен ұтылып қалды, деп жазады Sports.kz.

Гректер жедеғабыл гол салып үлгірді, ойынның бесінші минутында Гиоргос Цорвас Мақсат Бекмырзаның қақпасына доп салып үлгерді. Үзілістен кейін Дарын Сүйінов алаңнан шеттетілді, ал пенальтиде Костас Хацидимбастың тепкен добына Бекмырза тосқауыл қоя білді. Кейіннен Хацидимбас өз қателігін түзетті, ал Гиоргос Лолос гол санын үшеуге жеткізді, сонымен қорытындысында есеп 0:6-ға жетті.

Бұдан бұрын қазақстандықтар Исландия (0:5) мен Данияға (1:4) есе жіберген болатын.