Оған 14 пен 29 жас аралығындағы барлық жастар тегін қатыса алады. Онда үміткерлердің қазақ не орыс топтарында өз қалауы бойынша 1-30 қыркүйек, 1-30 қазан және 1-30 қараша күндері өтетін 3 курстың бірін таңдап, оны бітірген соң арнайы сертификат алуға мүмкіндігі бар. Азаматтық білім беру мектебінде оларға қазақстандық белгілі саясаткерлер, саясаттанушылар, журналистер, экономистер және мәдениет пен білім қайраткерлері дәріс оқып, семинар мен шеберлік сыныптарын жүргізеді. Бұл жобаны ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы, Ұлттық демократиялық институт пен Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының қолдауымен Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі ұйымдастырып отыр. Мақсат - жастарға азаматтық қоғамның не екенін және ондағы әр азаматтың орны мен олардың өз құқығын қалай қорғауға болатынын түсіндіру.
11:25, 10 Тамыз 2011
Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі Азаматтық білім беру мектебінің күзгі курстарына қатысуға байқау жариялады
АЛМАТЫ. 10 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі Алматы мен Шымкент қалаларында өтетін Азаматтық білім беру мектебінің күзгі курстарына қатысуға байқау жариялады.