Қазақстанның жауынгерлік өнер және «Qazaq kuresi» ассоциациялары Елбасының жазылып кетуін тілейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның жауынгерлік өнер және «Qazaq kuresi» ассоциациялары коронавирус індеті анықталған Тұңғыш Президент – Елбасының тезірек сауығып кетуін тілеп, хат жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сіздің ерік-жігеріңіз, күш қайратыңыз бен табанды мінезіңіз жас спортшыларға қашанда үлгі. Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз, адамдарды спортпен айналысуға шақырасыз, мотивация бересіз. Сізге қарап тек спорт пен қимыл-қозғалыс адамды тонуста ұстайтынына сенеміз. Сізге зор денсаулық тілейміз! Қазақстанның спорт қауымдастығы әрқашан сізді қолдайды!» - делінген ассоциация хатында.