Ресей ауыл шаруашылығы бақылау басқармасының мәліметінше, Қазақстаннан және Қырғызстаннан шыққан автокөліктер 70 тоннаға жуық шие, 90 тонна сары өрік, 58 тонна қызанақ, 20 тонна күріш қабығы және 3 тонна қызылшаны заңсыз жолмен Новосібір облысының аумағына өткізбекші болған.
Карантиялық фитосанитарлық бақылау барысында өнімдердің орамаларында өнімнің атауы, өндірген елі, экспорттаушы және/немесе реэкспорттаушы жайлы ақпарат беретін таңбаларының жоқтығы анықталды. Ал күріш қабықтары жарамсыз фитосанитарлық сертификатпен тасымалданған.
Жүктер Қазақстан және Қырғызстан Республикаларына қайтарылды.