Қазақстанның жеті облысында көлік жолдары жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстанның бірқатар облыстарында көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР  ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Астана қаласы

21. 02. 09:00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) барлық көлік түрлеріне  барлық бағыттар бойынша қозғалыс тоқтатылды.

Ақмола облысы

21.02.  06:30-дан ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын,  қар, жолдың нашар көрінуі)  көлік түрлерінің бәріне  барлық бағыттар бойынша қозғалыс тоқтатылды.

Қарағанды облысы

21.02.  07:20-дан  (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) барлық автокөлік түрлеріне  барлық бағыттар бойынша жол жабық.

Ақтөбе облысы

20.02.  20:50-ден ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын,  жолдың нашар көрінуі)  көлік түрлерінің бәріне  барлық бағыттар бойынша   «Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай облысының шекарасы»  (0-234 км, Қарабұтақ кенті - Қостанай облысы шекарасы) тасжолының учаскесінде жол  жабық.

Шығыс Қазақстан облысы

20.02-ден ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі)  мына автожол  учаскелерінде:

- «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» (103-123 км);

- «Өскемен-Семей» (10-198 км, Герасимовка ауылы- Семей қаласы);

- «Семей-РФ шекарасы» (2-113 км);

- «Омбы-Майқапшағай» (587-733 км, Павлодар-Семей, 756-900 км, Семей-Қалбатау);

- «Семей-Қайнар» (8-266 км);

- «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» (41-105 км Секисовка ауылы-Риддер қаласы);

- «Алматы-Өскемен» (778-1048 км. Аягөз қаласы- Ұлан ауылы)  барлық көлік түрлері үшін.

Павлодар облысы

20.02. 19:30-дан ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) барлық бағыт бойынша көлік қозғалысы тоқтатылды

Қостанай облысы

20.02.  22:00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) «Рудный-Қарабұтақ тасжолының учаскесінде (231-503 км,  Ақтөбе облысының шекарасы), «Жітіқара-РФ шекарасы» (252-377 км),«Екатеринбор-Алматы» (615-729 км), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (0-232 км) барлық көлік түрі үшін жол жабық.

Солтүстік Қазақстан облысы

21.02. 20:00-ден  ауа райының нашарлауына байланысты (желдің күшеюі, бұрқасын) барлық бағыт бойынша көлік қозғалысы тоқтатылды.