Қазақстанның жеті облысында жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің жеті облысындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп xабарлады Төтенше жағдайлар комитетінен.

Астана қаласында бұрқасын мен желдің күшеюіне байланысты "Астана-Щучинск-Павлодар" күре жолы жабылды. 

Қарағанды облысында сағат 13:00-ден бері "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" республикалық автожолдың 60-217 шақырымындағы "Ботақара-Қарқаралы" учаскесінде барлық көліктер үшін шектеу қойылды.

Ақтөбе облысында сағат 13:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты "Ақтөбе-Орынбор" тас жолының "Мәртүк-Қурайлы" учаскесінде барлық көлік түрлері үшін жол жабық. Сонымен қатар сағат 15:35-тен бастап, "Ақтөбе-Атырау-Астраxан" (11-92 шақырымы, Ақтөбе қаласы-Қандыағаш), «Самара-Шымкент» (718-615 шақырымы, Ақтөбе қаласы-Қобда) тасжолы барлық көлік түрлері үшін жабық.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша, сағат 14:30-дан бастап қатты боранға орай, "Омбы-Қапшағай" тасжолының 756-900 шақырымы, "Семей-Қалбатау" учаскесі, сонымен қатар "Семей-Қайнар" аралығы барлық көліктер үшін жабылды.

Павлодар облысында сағат 15:45-тен бері боранға байланысты "Ленинский-Ақсу-Көктөбе-Ақжар-Курчатов" республикалық тасжолы жабылды. Сонымен қатар бірқатар облыстық жолдарда шектеу енгізілді.

Алматы облысында сағат 10:15-де боран салдарынан "Талдықорған-Қапал" облыстық тасжолында көлік қозғалысына тыйым салынды. Ал 16:00-ден бастап, "Үшарал-Достық" тасжолында шектеу енгізілген.

Ақтөбе облысында сағат 15:00 күн райының қолайсыздығынан, "Донское-Бадамша", "Петропавловка - Хазретовка" (0 - 36 шақырымы); «Ақтөбе-Родниковка-Мәртүк»  (5 - 74 шақырымы); "Покровка-Темір-Кеңқияқ-Емді" облыстық маңыздағы жолдар жабылды.

Солтүстік Қазақстан облысында сағат 15:00 бастап, ауа райының нашарлауына орай, облыстық маңыздағы барлық жолдар көліктің барлық түрлері үшін жабылды.

Шығыс Қазақстанда сағат 17.02-де «Новопокровка-Петропавловка-Зубаир-Байтанант» (0-41 шақырымы) тасжолында барлық көліктер үшін қозғалыс шектелді. Сағат 14:00-ден бастап, «Семей-Курчатов» (4-130 шақырымы), «Семей-Қарауыл» (4-182 шақырымы), «Семей-Долонь-Большая Владимировка-Сосновка-Қоянбай» (0-184), сағат 14.30-да «Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха» (0-87 шақырымы), «Бородулиха-Жезкент» (0-49 шақырымы), «Воскресеновка-Петропавловка - Шелехово - Белағаш - Дмитриевка»» (0-64 шақырымы), «Өскемен-Семей» (Шүлбі-Жаңа Шүлбі) облыстық жолдарында шектеу енгізілді.