«Қазақстанның білім саласындағы мәселелер басқа елдердің осы саладағы мәселелеріне өте ұқсас. Бұл жерде басты түйткіл - бизнес пен ЖОО арасында тығыз қарым-қатынастың жоқтығы. Міне, осының салдарынан ЖОО түлектерінің біліктілігі жұмыс берушілердің талаптарына сай келмей жатады. Сондықтан да, жас мамандардың жаңа жұмыс орындарында көп нәрсені жаңадан меңгерулеріне тура келеді», - деді К. Рыбиньский.
Ол сонымен қатар, АҚШ- пен Ұлыбританияда жоғары оқу орындары мен бизнес арасында жақсы ынтымақтастық орнағанын айтты.
«Ол жақта ЖОО мен бизнес субъектілері арнайы бизнес-инкубаторларында жаңа жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Қазақстанда бұл сала қазір жақсы дамып жатыр», -деді ол.