23 мамырда «KAZAKH INVEST» Басқарма төрағасының орынбасары Мейржан Майкенов пен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Вадим Шакшакбаев тиісті меморандумға қол қойды.
«Біз өз қызметіміз шеңберінде машина жасау саласындағы тауарларды шетелге өткізу бойынша кешенді қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз. Ағымдағы жылғы тамыз айының соңында Ресей Федерациясында өтетін мамандандырылған халықаралық әскери-техникалық «АРМИЯ-2017» көрмесінде Қазақстан инжиниринг құрамына кіретін жеті ірі кәсіпорынның таныстырылымын ұйымдастырамыз», - деді М. Майкенов.
«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясымен серіктестік Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының өнімдерін халықаралық нарықтарға шығару үшін қажетті экспортқа мемлекеттік қолдау көрсету құралдарын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады», - деп атап өтті өз кезегінде В. Шакшакбаев.
Тараптар халықаралық сауда мәселелері жөнінде өзара әрекеттестікті дамытып, шетелде әр түрлі іс-шаралар өткізуде ақпараттық қолдау көрсетуді көздеп отыр.
KAZAKH INVEST соңғы бірнеше жыл бойы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ бірқатар кәсіпорындарының, атап айтқанда «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС және «Тыныс» АҚ-ның өнімдерін экспорттыққа шығару бойынша жұмыстар жүргізіп келеді.