Оның айтуынша, маңызды құжаттағы көлік-жол, логистикалық инфрақұрылымды дамытудың айтылуы ел болашағының өркендеуінің бір кепілі болмақ.
«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында экономикалық дамудың жаңа бағытын айқындап отыр, әсіресе, жер аумағы үлкен Қазақстан үшін көлік-жол, логистикалық инфрақұрылымды дамыту өте маңызды. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ресей, Қытай мемлекеттерімен қатар Иран аумағындағы «құрғақ» және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу мәселесін тапсыруы иран тарапының қызығушылығын тудырады», - дейді Монире Джандаги.