Онда Қазақстанның "Astana Pro Team" кәсіпқой велокомандасының спортшысы швециялық шабандоз Фредрик Кесякофф ҚР Конституция күні қарсаңында зор жетістікке қол жеткізіп, жеңімпаз атанды. Ол мәре сызығын 52,36 минут уақыт көрсеткішімен жалпы жіктелімде көш бастап келе жатқан "Катюша" мен "Saxo Bank-Tinkoff" командаларының испаниялық спортшылары Хоаким Родригестен 1,16 минут, ал Альберто Контадордан 0,17 минут бұрын кесіп өтті. Осыған қарамастан қазір Фредрик көшбасшы Х.Родригестен 23,12 минутқа артқа қалып қойып, 45-інші орынды қанағат тұтуда. Оның өзге командалас серіктерінен бельгиялық Кевин Зельдраерс 23-інші, қазақстандық Андрей Кашечкин 30-ыншы, Андрей Зейц 39-ыншы, Александр Дьяченко 81-інші, италияндық Паоло Тиралонго 57-інші, ресейлік Егор Силин 93-інші сатыда тұр.
10:22, 30 Тамыз 2012
Қазақстанның
АЛМАТЫ. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше Испанияда велоспорттан «Vuelta a Espana» көпкүндігінің Камбадос пен Понтеведра арасындағы 39, 4 шақырымдық 11 кезеңі өтті.