Қазақстан–Ресей: «Сырым» өткізу пунктінде кептеліс туындауы мүмкін
12:30, 26 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан–Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды.
"Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы «Маштаково» БӨП-інің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған.
Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ.
Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз" делінген хабарламада.