«Менің ойымша, Қытайдың «Бір белдеу-бір жол» бастамасы маңызды рөл атқарады және біздің стратегияда маңызды орынға ие болмақ. Бірінші кезекте, бұл ұзақ мерзімге негізделген үйлестірілген стратегия. Бұл стратегияның әлемнің осы бөлігінде Қазақстанның тиісті деңгейде қатысуынсыз жүзеге асуы екіталай. «Бір белдеу- бір жол» бастамасына лайықты деңгейде назар аударған жөн деп білемін», - деді Сенат Төрағасы.
Оның пайымынша, қытайлық бастама - ол ауқымды стратегия. Сондықтан бұл бастама тек осы өңірде ғана емес, сонымен қатар барша әлемде саяси күштер мен экономикалық факторлардың өзара қатынасын толықтай трансформациялайды.
«Әрине, Еуропа да маңызды ойыншы екені анық. Әрдайым Қытайдың стратегиялық бастамасын талқылау кезінде біз Еуропаның маңыздылығын атап өтеміз», - деп түйіндеді сөзін Қ. Тоқаев.