Бұл туралы "Экспресс-К" газетінде басылған «Аргыны и Аргентина» мақаласында (автор Татьяна Аладьина) жазылды.
Іріктеу кезеңі аяқталды, жуырда қазылар алқасы 20 үміткердің есімдерін атайды. Олар ақпанның басында Аргентинаны бағындыруға аттанады.
«Экстремалдар» шоуы көптеген елдерде көрсетіледі. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі командалар өздерінің барлық қорқыныштарын жеңу және өз мысалында адам кез келген кедергіден өте алатындығын дәлелдеу үшін Аргентинаға келеді. Астана мен Алматыда бірнеше күн бойы көпшілікке күлкі болуға қорықпайтындар үшін кастинг өтті. Экстремалдар ұзын-сонар кезекке тұрды, әрқайсысы қазылар алқасын ерекше нөмірлерімен және шыныққан дене бітімдерімен таңғалдыруға тырысты.