«Қазақтелеком» абоненттері ТЖ кезінде лимитсіз қоңырау шала алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» абоненттеріне Төтенше жағдай режимі кезеңінде қоңырау шалу лимитсіз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақтелеком» АҚ-ның барлық абоненттеріне 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін қалааралық қоңыраулар лимитсіз болады, сондай-ақ стационарлық қалалық телефоннан қосымша төлемсіз Қазақстан Республикасының барлық байланыс операторларының мобильдік номерлеріне қоңырау шалуға 1 мың минут ұсынылады», - делінген ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінде.