деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 ай бойы өтетін шаралар аясында "Қазақтелеком" абоненттеріне арналған «Алло, мен сіздің абонентіңізбін!» атты фото байқау, қазақстандық журналистер мен жоғарғы оқу орындары студенттері арасында «Қазақтелеком» АҚ-ның әлеуметтік маңыздылығы» деген тақырыпта «Байланысты баянды етейік!» атты байқауы, сонымен қатар әлеуметтік жобалар жөніндегі веб-ресурстарды құруға бағытталған «15 пайдалы сайт!» байқаулары өтеді.
«Конкурстың мақсаты - телекоммуникация саласындағы әлеуметтік жобаларды Қазақстандық БАҚ-да шынайы және кеңінен жариялауды дамыту мен өрістетуге ықпал ету, сондай-ақ «Телекоммуникация және байланыс» тақырыбында маманданған үздік журналистерді анықтау болып табылады», дейді байқауды ұйымдастырушылар. Байқаудың жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Қатысудың барлық егжей-тегжейлі деректері мен талаптары туралы Қазақтелеком сайтынан білуге болады.