CDMA EVDО технологиясы бойынша ғаламтор желісі қызметтерін қолдану жағдайларын жақсарту мақсатында ауыл тұрғындары үшін 35%-ға, сәйкесінше, ай сайынғы төлем деңгейі Қосымша құн салығымен қоса (әрі қарай - ҚҚС) 2 000 теңгеден ҚҚС-пен қоса 1 300 теңгеге дейін және ҚҚС-пен қоса 4 000 теңгеден ҚҚС-пен қоса 2 600 теңгеге дейін төмендетілмек. Сонымен қатар, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайынғы төлем есебіне қосылған кіріс трафигінің көлемі тиісті тарифтік жоспар бойынша 2 Гбайттан 3 Гбайтқа дейін және 6 Гбайттан 7 Гбайтқа дейін ұлғаяды.
Аталған іс-шаралар ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының м.а. ағымдағы жылғы 5 желтоқсандағы «Телебайланыстың бірегей қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы» бұйрығын орындау шеңберінде өткізілуде.
Сондай-ақ, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақтелеком» АҚ халықаралық телефон байланыстары қызметін көрсету тарифакация қадамын 10 секундтан 1 секундқа өзгерту жөніндегі іс-шараларды өткізеді. Аталған өзгерістер ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы «ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы «Тарификация бірліктерін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес енгізілуде.
Осылайша, 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзақтығы 21 секунд сөйлескен жағдайда абонент Ресейге - 15 теңге, Қытай және Германия - 24 теңге, Ұлыбритания - 36 теңге төлейді. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 21 секундтан артық сөйлескен жағдайда абонент мына бағыттарға: Ресейге - 9 теңге, Қытайға - 16, Германияға - 16, Ұлыбританияға - 25 теңге төлейді.
Аталған халықаралық байланыс кезінде абонент Ресейге 6 теңге, Қытай және Германияға 8 теңге, Ұлыбританияға хабарласқанда 11 теңгені үнемдейді.