Бұдан басқа, Орталық аудандық аурухана мен 11 көппәтерлі үйдің шатырлары жарым-жартылай жұлынды, 20 ағаш құлады. Сондай-ақ электр қуатын жеткізетін әуе желісі істен шықты. Соның салдарынан Қаратау қаласы мен ауданның 13 елді мекені жарықсыз қалды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сағат 20:50-де апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды, электрмен қамтамасыз ету толық қалпына келтірілді. ТЖ-ны жоюға Талас АЭЖ-нің 9 адамы мен 2 техникасынан құрылған апаттық бригада жұмылдырылды.