iD TV қызметі 2009 жылы Астанада пайдалануға берілді. Бұл қызмет цифрлы бейне сапасы мен тамаша стереодыбысты қамтамасыз етеді. Мұнымен бірге, IP-хаттама бойынша телевизиялық сигналды беру технологиясы абонентке өз бетінше қызметтер жиынтығын басқаруға мүмкіндік береді: телеарналар пакетін таңдау, оларды топтау, қосымша қызметтерге қосылу, фильмдерге тапсырыс беру және теледидар экранынан хабарлардың электронды бағдарламасын қарау. Бір сөзбен айтқанда, iD TV қызметінде интернет желісінің интерактивтілігімен кабельдік телеарнаның артықшылықтары үйлескен.
iD TV қаладағымен қатар, аудан орталықтары және ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін қолжетімді. Компания сым желілері бойынша сапасы жоғары телеарна қызметін ауылдық жерлерге көрсететін республикадағы жалғыз оператор болып табылады. Қазіргі уақытта аудан орталықтары мен ауылдағы тұрғындар облыстардағы iD TV пайдаланушыларының жалпы санының 47 пайызын (Астана мен Алматы қалаларын қоспағанда) және республика бойынша iD TV пайдаланушыларының жалпы санының 24 пайызын құрайды.