Бұл жайлы бүгін Алматыда өткен "Мемлекеттік тапсырыс-2010" акциясы аясында өткен алқалы басқосуда белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Сатып алған өнімдеріміздің 50 пайызы - қазақстандық. Келесі өсім біршама күрделі болады. Өйткені бұған дейін біз ғылыми сиымдылығы аз өндірісті ынталандырдық. Енді жоғары технологиялық құрал-жабдықтар шығаратын өндіріс орындарын дамытып, ынталандырмақпыз. Биыл "Қазақтелеком" компаниялар тобы 59 миллиард 935 миллион теңгенің тауар мен қызмет түрлерін сатып алды. Оның 32 миллиард 425 миллионы теңгесі қазақстандық өндірісшілердің еншісінде. Меморандумда көрсетілген сомадан 7 миллиард 170 миллион теңгеге артық келісім жасадық. Оның ішінде Алматы қаласы бойынша 18 миллиард теңгенің меморандумына қол қойдық. Ал одан 2 миллиард 213 миллион теңгеге артық келісімдер жасалды. Ондағы қазақстандық өндірушілер үлесі 16 миллиард 928 миллион теңге», дейді "Қазақтелеком" ҰК" АҚ-ның Басқарма төрағасы.
А. Жұмағалиевтің айтуынша, олар осы уақытқа дейін отандық өндірісшілерге 13 миллиард 489 миллион теңгенің төлемін жасады. Қалған қаражат та енді жыл соңына дейін төленеді деп жоспарлануда. 2010 жылы 62 миллиард 700 миллион теңгенің сатып алуы жасалады деп болжануда. Оның 54,5 пайызы қазақстандық тауар өндірушілердің еншісіне тиеді. Сатып алынатын тауар мен қызметтің 14 миллиард теңгесі Алматының үлесінде болмақ.