Бұл туралы бүгін Bnews.kz порталында өткен онлайн-конференция барысында «Қазақтелком» АҚ-ның ақпараттық технологиялар жөніндегі бас директоры Марат Әбділдәбеков мәлім етті.
«Қазіргі таңда біздің ең танымал қызметіміз Мегалайн-hit болып отыр. Біздің тұтынушыларымыздың 60 пайыздан астамы қазнетте болып, қазақстандық ресурстарды пайдаланды», - деді ол.
Оның атап өтуінше, осыдан үш жыл бұрын қазақстандықтардың басым бөлігі шетелдік ресустарын кеңінен пайдалануға мәжбүр болған. Нақты айтқанда, сол кезеңдегі шетелдік контентті пайдаланушылардың саны 90 пайызды құраған.