Бұл жайында аталған компанияның 2011 жылдағы жұмысты қорытындылауға арналған мәліметтерінде айтылды.
Қазақстанның 100 тұрғынына шаққандағы телефон тығыздығы 24,05 телефонды, оның ішінде қалалық жерде - 31,58, ауылдарда - 15 телефонды құрады.
CDMA-450 желісін кеңейту жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарының абоненттері интернет желісіне қосылу мүмкіндігін алды. 2011 жылдың аяғында желінің құрастырылған сыйымдылығы 364 682 нөмірді құрады. Желінің әрекет ету аймағын 4596 ауылдық елді мекенді (504 базалық стансы) қамтиды.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өткен жылы 80 базалық стансы, 11 СРРЖ, 21 SE жерсеріктік жүйенің жабдығы құрастырылды, 7 шақырымнан астам талшықты-оптикалық байланыс желі жолдары салынды.
Келешекте 2012-2015 жылдарға арналған CDMA-450 желісін дамыту жобасымен 500 мыңнан астам абонентті қоса отырып, 396 базалық стансы қолданыстағы CDMA-450 желісін кеңейту қарастырылған. Бүкіл ел аумағында 0,5 Мбит/с дейінгі жылдамдықта сымсыз КЖҚ қызметтерін жылдамырақ ұсыну үшін EV-DO технологиясымен қолданыстағы CDMA желісін жаңғырту жоспарланады. 2012 жылы оған Қазақстанның барлық аймағындағы 25 250 абонентті қосу жоспарланады.
Айта кетейік, биыл «Қазақтелеком» АҚ-да 2012-2015 жылдарға арналған инновациялық даму стратегиясы әзірленді. Оны жүзеге асыру аясында енгізілген технологиялық және басқару шешімдерінен барынша оңтайлы көрсеткішті қамтамасыз ету мақсатында инновацияларды басқару үрдісін енгізу жүргізілуде. 2011 жылы технологиялар мен жобаларды енгізуден барынша тиімділікке жету үшін «Қазақтелеком» АҚ-да Инновациялық комитет құрылды. Оның міндетіне компанияның Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысуын белсендіру, инновациялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі шешімдерді қарастыру мен қабылдау, сатып алу жүйесінде қазақстандық қамту үлесін арттыру енеді.