«Самұрық-Қазынаның» бес еншілес ұйымындағы корпоративтік басқару деңгейіне тәуелсіз диагностиканы 2012 жыл мен 2013 жылдың бірінші жарты жылдығы арасында Pricewaterhouse Coopers (PwC) жүргізген. Оның нәтижесіне сәйкес, «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік басқару деңгейі 80,2%-ды құрады. Компания 2022 жылы бұл көрсеткішті 85%-ға дейін арттыруда жоспарлап отыр.
Айта кетейік, «Қазақтелеком» - жариялы компания. Оның акциялары 1997 жылдың қазан айынан бері Қазақстан қор биржасында (KASE) сатылып келеді. 2013 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, «Самұрық-Қазына» АҚ «Қазақтелеком» қарапайым акцияларының 51,96%-ы тиесілі, қарапайым акцияларының тағы 27%-ы Нидерландияда тіркелген екі жекеменшік компанияның қолында. Жыл ішінде «Қазақтелекомның» акциялары ликвидтілігі бойынша KASE-те «ҚазТрансОйлдан» кейін екінші орын алды. Оның сауда-саттығының жылдық көлемі 4,9 млрд. теңге болды.
18:49, 04 Желтоқсан 2013
«Қазақтелеком» - «Самұрық-Қазына» еншілес компанияларының ішінде корпоративтік басқару жағынан көшбасшы
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ 2013 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес кәсіпорындары құрылымы арасында корпоративтік басқару рейтингі деңгейі бойынша көшбасшы болып танылды, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.