«Қазақтелеком» Трансформация бағдарламасы аясында басқа да компанияларды сатып алмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» Трансформация бағдарламасы аясында басқа да компанияларды сатып алмақ. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация форумы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті.

«Біз қазіргі уақытта кез келген сатып алуды қарастырып отырмыз. Бұл - ұзақ мерзімді дайындық. Стратегия бөліктерінің бірі кез келген компанияны жұту және қосып алу. Бұл шара тез арада тиімді береді. Сіз мол қаржы шығындамай-ақ белгілі нарықты сатып ала аласыз. Біз кабельді телевидение, бекітілген телефония нарықтарында дәл осылай жасадық әрі оны жалғастыра беретін боламыз», - деді басқарма төрағасы.

Қ.Есекеевтің сөзіне қарағанда, бүгінде компанияның барлық инвестициясы ішкі нарыққа бағытталып отыр.

«Біз ішкі нарықты қамтуға тиіспіз. Әзірше, таяу екі жылдың ішінде компания сыртқы нарыққа инвестиция құюды жоспарлап отырған жоқ», - деді ол.