«Қазақтелеком» жақын жылдары сыртқы нарыққа шығуға талпынбайды - Қ. Есекеев

ТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «Қазақтелеком» ұлттық байланыс операторы жақын жылдары сыртқы нарыққа шығуға талпынбайды.

Бұл туралы бүгін bnews.kz порталында өткен онлайн-конференция барысында «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті.

«Біз ішкі нарықтағы әлеуеттің таусылмағандығын көріп отырмыз, сондықтан бұл нарықта жұмыс жасауға бұдан әрі жалғастыра бермекпіз», - дейді ол.

Оның айтуынша, сыртқы нарыққа шыққанша, Қазақстан нарығындағы қызметтің сапасын арттыруға күш салған әлдеқайда қисынды.

«Жаңа нарық - бұл әрбір үлкен компанияның алдында тұратын үлкен мақсат. Біз қазір әзірге әлемдік және қаржылық тұрақтылықтың трендтерін бақылап отырмыз және жақын арада сыртқы нарыққа шығу туралы жоспарлар құрып жатқан жоқпыз», - деп атап өтті Қ. Есекеев.