«Қазақтелекомның» қызметі туралы жарияланымдардың авторлары марапатталды
08:33, 20 Желтоқсан 2009
ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалы үздік материалдарға жарияланған конкурстың қорытындысын шығарды,
деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.
Аймақтың байланыс саласының дамуына және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының құрылуының 15 жылдығына арналған конкурстың шарты бойынша, материалдар газет-журналдарда жарияланды, теле- және радиоэфирлерге шықты.
«Үздік авторлық жарияланым» аталымында бірінші орынды «Апталық шолу» қалалық газетінің тілшісі Гүлбаршын Турабаева иеленсе, ал «Үздік авторлық телебағдарлама» аталымында «Эра-ТВ» телекомпаниясының тілшісі Аида Хамзинаның жұмысы үздік деп танылды. Облыстық радионың тілшісі Динара Құсманова «Үздік радиобағдарлама» авторы атанды.