Бұл туралы аталған қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға Қор Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбилиянов, «Еуразия» бірінші арнасы» бас директорының бірінші орынбасары Мұхтар Ерман, Қор Сараптамалық кеңесінің мүшесі, жазушы, журналист Болат Жүнісбеков, белгілі тележурналист Юлия Кушнарева және Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев қатысты.
Бұл - қазақстандық интернет-кеңістікті, ақпараттық русурстар мен сервистерді дамыту, үздік казақ тілді интернет-ресурстарды насихаттау мақсатындағы Қор жариялаған алғашқы байқау.
Байқауға қатысуға барлығы 12 өтінім түсті. Байқау комиссиясы жеңімпаздарды 5 аталым бойынша анықтады. «Өткір тіл» аталымында мемлекеттік тіл мен ұлттық құндылықтарды насихаттаушы ең үздік интернет-сайт болып www.ult.kz ақпараттық порталы танылды. «Рухани азық» аталымында ең үздік болып әдебиет пен мәдениетті насихаттаушы www.massagan.com интернет-сайты таңдалды. «Терең ізденіс» аталымында тарихымызды насихаттатап жүрген www.abay.kz сайты ең үздік атанды. «Шынайы өмір» аталымында қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін www.minber.kz және «Спорт тынысы» аталымында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттайтын www.alasharena.kz сайты жеңімпаз болды.
Байқау жеңімпаздары бас демеуші «Самұрық-Қазына» АҚ-дан 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен, аталым бойынша арнайы мүсіншелерімен мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының арнайы дипломдарымен марапатталды.