ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақтың «қара маржаны» атанып кеткен жеңіл атлет Нора Джеруто халықтың үмітін ақтай алмады.
Ол бүгін Париж Олимпиадасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден әйелдер арасындағы финалда сәтсіз өнер көрсетіп, аталған қашықтықты 9-орынмен аяқтады.
Осылайша Нора Джеруто Олимпиада ойындарында жүлдесіз қалатын болды.
Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.
Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.