Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті дәстүрлі Абай атындағы сыйлықтың республикалық байқауының қорытындысын жариялады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық мамандықтар бойынша Абай атындағы сыйлықтың студенттер арасындағы ІІ республикалық байқауының қорытындысын жариялады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Былтыр бұл байқауда Семей мемлекеттік педагогикалық университетінің командасы бас жүлдені иеленген еді. Биыл Гран-приді Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің командасы жеңіп алды. Онда математика мамандығы бойынша 1-ші орынды Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университеті, 2-ші орынды Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 3-ші орынды Семей мемлекеттік педагогикалық университеті еншіледі. Физика мамандығында 1-3 орынды Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті өзара бөлісті. Ал, информатика мамандығында үздік үштікке Қазақ мемлекеттік педагогика университеті, Ақтөбе мемлекеттік педагогика университеті, Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті енді.