«Бұл -Ғылыми семинар ретінде құрылған Дискуссиялық клубтың алғашқы мәжілісі. Мақсат - ұлттық тәрбиенің өзекті мәселелерін мамандардың қатысуымен талқылап, әдістемелік құралдарын, оқулықтарын әзірлеу. университетте ұлттық тәрбие жаңа оқу жылынан бастап пән ретінде кіргізіліп, жоғары оқу орындары арасында алғаш рет арнайы кафедра ашылды», -дейді клуб жетекшісі, университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Пірәлиев.
Пікірсайыс клубының алдағы отырыстары енді «Қазақ философиясындағы ұлттық тәрбие мәселелері», «Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-әдіснамалық негізі», «Этнопедагогика - ұлттық тәрбие негізі», «Қазақстандық жалпы ұлттық идея», «Ұлттық құндылық». «Ұлт менталитеті», ұлттық идея». «Ұлттық сана-сезім». «Ұлттық мінез», «Ұлттық тәрбиедегі тектілік мәселесі», « Отбасылық ұлттық тәрбие», « Балабақшадағы ұлттық тәрбие», «Мектептегі ұлттық тәрбие», «ЖОО-ғы ұлттық тәрбие мәселелері» деген тақырыптар бойынша өтеді деп жоспарланып отыр.
17:59, 03 Қараша 2010
Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінде дискуссиялық клуб құрылды
АЛМАТЫ. 3 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінде «Қазақ этнопедагогикасы - ұлттық тәрбиенің ғылыми негізі» деген тақырыпта пікірсайыс өтіп жатыр.