деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол ҚазҰУ-дің 75 жылдығына арналған «Жылдамырақ, биігірек, күштірек!» деп аталатын мерейтойлық студенттер спартакиадасының ақтық жарыстарының ашылу рәсімі кезінде жасалды. "Бұл шара университеттің біздің еліміздегі Олимпиадалық қозғалыстың маңызды бағытында келе жатқанының белгісі. Бүгін көптеген тамаша атлеттердің есімі аталды. Олардың ішінде бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, баскетболдан 2 дүркін Олимпиада чемпионы Надежда Ольхова, дзюдодан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев және тағы басқалар бар. Ұлттық олимпиадалық комитет атынан шығармашылық қызметтеріңізге бұдан ары да жоғары сәттіліктер тілеймін. Сонымен қатар, оқу орнына спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін естелік белгіні табыс етуге рұқсат етіңіздер", деді Бас хатшы, қазіргі бессайыстан Әлем чемпионы және КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Тимур Досымбетов.