деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс-шара барысында университет студенттері сардар-қолбасшы Бауыржан Момышұлы, Ұлы Отан соғысында ерліктің өшпес рухын көрсетіп кеткен қазақ қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова, ұшқыш Талғат Бегилдинов пен Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтарды сомдап, сол зұлмат соғыста болған қанды майданның көріністерін сахналады.
Салтанатты кеште ардагерлерге құрмет көрсетіліп, бүгінгі жастардың патриоттық рухын көтеретін естеліктер айтылды.