Былтыр Астана Арландары сапында WSB чемпионы атанған С.Башенов бес кездесуде жеңімпаз деп танылса, бір рет украиналық Василий Ломаченкоға жол берген. Биылғы маусымда ол Russian Boxing Team командасының спортшысы, Универсиада чемпионы Адлан Абдурашидовты жеңді. Ал екінші матчта Baku Fires өкілі Альберт Селимовқа жол берді. Айта кетейік, бұның алдында тағы бір қазақ боксшысы Руслан Мырсатаев WSB бойынша Азияның үздік боксшысы атанған болатын.
17:47, 21 Қаңтар 2014
Қазақтың былғары қолғап шебері Азияның жыл боксшысы деп танылды
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) қазақстандық спортшы Самат Башеновті Азияның жыл боксшысы деп атады, деп хабарлайды Astana Arlans клубының ресми сайты.