Қазақтың Ғ. Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры 64-ші маусымын жапты

None
АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыдағы Қазақтың Ғабит Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры өзінің 64 театр маусымын "Бұлбұлдар түні" қойылымымен жапты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл маусымда өнер ұжымы қарашаның 17-27 күндері Сеулде өткен "Ұлы Жібек жолы" театр фестиваліне қатысты. Сәуірдің 22-24 күндері Мәскеуге гастролдік сапармен барып қайтты. Репертуарын "Су патшасы","Аждаһаның әлегі", "Қызыл орамалды шынарым", "Балкон", "Адасқан жұлдыз" қойылымдарымен толықтырды. Театр әртістері Әсел Мәмбетова "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына, Жібек Бектемір "Құрмет" орденіне ие болды. Ал Аида Жантілеуова Орталық Азия елдерінің ІІІ Халықаралық театрлар фестивалінде "Ең үздік әйел бейнесі үшін" аталымы бойынша лауреат атанды. Онда Аида "Қызыл орамалды шынарым" қойылымында басты кейіпкер Әсел рөлін сомдаған болатын.