Қазақтың «Қаражорға» биін Астананың орталық алаңында 3000 адам орындайды

АСТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Қазақстан астанасында 3000 адам қазақтың «Қаражорға» ұлттық биін орындайды.

Аталмыш факті Қазақстанның Гиннестің рекордтар кітабына «Халықтың жаппай ұлттық биді орындауы» аталымы бойынша енгізілмек.

«Сейсенбі, қыркүйектің 21-і күні сағат 12.00-де Қазақ гуманитарлық заң университетінің Фемида алаңында тұңғыш рет ұлттық патриоттық «Қаражорғаны бірге билейік!» акциясы өткізіледі», - делінген «Бәйтерек» медиа-орталығы таратқан ақпаратта.