АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдағы қандастарымыздың би ұжымы Қытай Орталық Телевизиясы CCTV-3 мәдениет және өнер телеарнасының «Би әлемі» бағдарламасында «Киіз басу» биін биледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Киіз басу» - Қазақ дәстүрін бейнелейтін ұлттық биінің бірі. Мұнда жүн түту, жүн сабау, киіз басу кезіндегі қимылдар айшықты бейнеленеді.
Айта кетейік, қытайдың «Би әлемі» бағдарламасы CCTV-3 телеарнасында 2015 жылдан бері көрсетіліп келеді. Бағдарламада әр ұлттың түрлі би өнерлері кеңінен қамтылған.
Мұхтар Қалимоллаұлы
Еуразия Ұлттық Университеті түлегі. 2016 жылдан бастап Kazinform агенттігінде жұмыс істеймін.