АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Монреальда қазақтың қос боксшысы Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайынов салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батыр Жүкембаев (8-0, 7 КО) IBO International титулы үшін мексикалық Косме Риверамен (41-23-3, 28 КО) күш сынасады.
Ал Абылайхан Құсайынов (5-0, 4 КО) 6 раундтық кездесуде 30 жастағы мексикалық Кристиан Арразоламен (23-13-2, 16 КО) жұдырықтаспақ.
Бұл жекпе-жегінде Батыр Жүкембаев 10 раунд айқасса, Абылайхан Құсайынов 6 раундтық кездесу өткізеді. Бұл туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз .
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қос боксшымыз 28 қаңтар күні жекпе-жек өткізіп, екеуі де қарсыластарын техникалық нокаутпен ұтқан еді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.