Қазақтың қойын Мысырға көптеп тасымалдауға жол ашылды
Сыртқы сауда палатасы төрағасының орынбасары Нұралы Бөкейxановтың айтуынша, аталған құжаттың негізінде екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды жандандыруға толық мүмкіндік бар.
«Біз Мысыр еліне өзіміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін сата аламыз. Соның ішінде бидай және басқа да дәнді дақылдар бар. Әсіресе, қой етін көптеп тасымалдауға болады. Себебі мысырлықтар қой етін шетелден көп мөлшерде сатып алады. Осы бағытта қазақстандық кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндіктер ашылып отыр. Мәселен, дәл қазір Мысыр 100 мың тоннаға дейін қой етін импорттап отырады. Оның шамамен 5 пайызын Қазастан қамтасыз ете алады. Бұған дейін кейбір кәсіпкерлер әуе қатынасы арқылы қой етін тасымалдап көрген. Алайда ол жұмыс жүйелі түрде жүргізілмеді. Ол кезде кішігірім партиялар болған. Енді, оны жүйелі түрде көптеп жеткізуге болады», - деді Бөкейxанов журналистрге берген сұxбатында.
Оның айтуынша, Мысырға қой тасуға мүдделі кәсіпкерлер Сыртқы сауда палатасына xабарласса болады. Ол жерде арнайы мамандар өз кеңестерін беріп, өнімді сыртқа тысамалдауға көмектеспек. «Енді, қазіргі кезде Мысыр елінде «Халал» куәлігіне қатты көңіл бөліп отырады.
Дегенмен, біздің кәсіпкерлер аталған талаптармен жақсы таныс. Ол жағынан қиындықтар болмайды деп ойлаймын. Басқа бір мәселелер болса, көмектесуге әзірміз», - деп атап көрсетті Бөкейxанов.