Ерлан Қарин өз парақшасында Нұрғисса Тілендиевтің «Аққу» күйін тамсана тыңдап отырған CCTV (Қытайдың орталық телевидениесі) өкілінің бейнежазбасын жариялады. «Қазақстан РТРК» АҚ Басқармасының төрағасының қытайлық әріптесі «күйдің адамның жанын тебірентетінін, одан жанына ләззат алатынын» айтады.
«Қытайлық әріптесім қазақтың домбырасы мен күйінің фанаты. Жолда келе жатып Нұрғисса Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдатқызып едім, тіпті тебіреніп кеттім. Алла қаласа, келесі жылы CCTV-мен бiрге қазақтың күй өнері туралы фильм түсіреміз», - деп жазды Ерлан Қарин.