Гастрольдік сапар Wu Promotion продюссерлік орталығының шақыртуымен ұйымдастырылмақ.
Қазақтың ұлттық өнері 2000 адамға арналған Shanghai Oriental Art Center концертік залында 15 мамырда әуелейді.
Бағдарламада Құрманғазының, Ахмет Жұбановтың, Қаршыға Ахмедьяровтың, Нұрғиса Тілендиевтің күйлері, қазіргі заманғы композиторлардың туындылары бар.
Оркестрге республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Абылай Тілепбергенов дирижерлік етеді.